Асық атудан топ жарғандар спорт шеберлігіне үміткер атана алады

Асық атудан топ жарғандар спорт шеберлігіне үміткер атана алады
Сурет: Inform.kz

Ұлттық ойынымыз ресми санат алатын деңгейге жетті

Асық атудан ішкі біріншіліктерде топ жарғандар енді спорт шебері және спорт шеберлігіне үміткер атана алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл жөнінде Асық ату федерациясының өкілі Марат Исламбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, бастама ұлттық ойынымызды жаңғыртуға және қатысушылар санын арттыруға тың серпін береді.

Қазір асық ату мектеп бағдарламасына қосылып, бірқатар білім ордасында үйретіліп жүр. Бұған қоса, жыл сайын тұрақты ұйымдастырылатын жарыстары бар. Тіпті әртүрлі деңгейдегі спартакиада мен универсиадаларға қосылған. Ал енді елордада «Қолжетімді спорт» бағдарламасы аясында саябақтарда асық атудан тегін шеберлік сағаттары өткізіліп жатыр.