Елімізде 261 күдікті интернет арқылы алаяқтық жасаған

Елімізде 261 күдікті интернет арқылы алаяқтық жасаған
Сурет: Retail-loyalty.org

Полиция бұған дейін жасалған 440 интернет-алаяқтықты әшкереледі.

Елімізде интернет арқылы алаяқтық жасаған 261 күдікті анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интернет-алаяқтықтың алдын алу және ашу, оларды жасаған тұлғаларды анықтау әрі ұстау үшін республика аумағында 8-14 қараша күндері «Хай-тэк жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Бүгін оның нәтижелері туралы мәліметтермен бөліспекпін. Жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген 7 күннің ішінде шамамен 300 қылмыс тіркелді», - деді ол ІІМ баспасөз алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, іс-шара барысында бұған дейін жасалған 440 интернет-алаяқтық әшкереленді.

«Жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген кезең ішінде мұндай қылмыс жасаған 261 тұлға анықталды. Оның ішінде 2-ден көп қылмыс жасаған 34 алаяқ ұсталды. Олар 287 интернет-алаяқтық жасаған», - деді Қанат Нұрмағамбетов.