Еттің бағасы қымбаттап жатыр

Еттің бағасы қымбаттап жатыр
Сурет: Gastronom.ru

Сонымен қатар ет өндірісі бір жылда 6%-ға артқан.

Қазан айында еттің бағасы 2020 жылғы қазанмен салыстырғанда 10,7%-ға өсті, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл биылғы жылғы өсу қарқынының ең жоғары көрсеткіші.

Өңірлік үлес  тұрғысында бір жылда еттің бағасы Қостанай облысында 4,1%-ға, Түркістан облысында 18,4%-ға өсті. Сондай-ақ Маңғыстау облысында (16,6%-ға) және Шымкентте (16,4%-ға) айтарлықтай өсім байқалды.

Қатты қымбаттаған қой еті мен құс еті болып тұр– 15,7%-ға өскен. Жылқы еті – 11,2%-ға, шошқа еті – 8,7%-ға, сиыр еті – 8,6%-ға қымбаттады.

Қазан айында Қазақстан Республикасының қалаларында жылқы етінің ең қымбат бағасы – орташа есеппен келісіне 2557 теңге болды. Қой еті (кг 2399 теңге) және сиыр еті (кг 2234 теңге) келеді. Қазақстан Республикасы қалаларында шошқа етінің бөлшек саудадағы бағасы орташа есеппен келісіне 1808 теңгені, тауық етінің келісіне 1047 теңгені құрады.

Осы кезеңде ет пен құс еті, сондай-ақ олардан алынатын тамақ өнімдерінің өндірісі бір жылда 6,4 пайызға өсіп, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 250,7 мың тоннаға жетті. Оның 194,8 мың тоннасы құс еті, 55,9 мың тоннасы ірі қара, ұсақ мал, шошқа, жылқы еттері болды.

Үй құсының етін өндірудің 79%-ы тек үш облыстың үлесіне тиеді: Алматы (66,6 мың тонна), Ақмола (56 мың тонна) және Шығыс Қазақстан (31,3 мың тонна) облыстары. Өндірілген еттің жартысынан астамы да тек үш облыстың үлесіне тиді: Ақтөбе (14 мың тонна), Қостанай (7,4 мың тонна) және Павлодар (6,9 мың тонна) облыстары.