Елордада тұрғын үйлердің бірінде лифт құлады

Елордада тұрғын үйлердің бірінде лифт құлады
Сурет: Ашық дереккөзі

Лифтінің үшінші қабаттан бірінші қабатқа құлағаны анықталды

Елордада Алматы ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде лифт құлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше сағат 10:45-те елордалық құтқарушылар Күйші Дина көшесі бойындағы 31 мекенжайында орналасқан тұрғын үйде лифтінің құлағаны туралы хабарлама бойынша оқиға орнына шыққан.

«Құтқарушылар келіп жеткен кезде лифтінің үшінші қабаттан бірінші қабатқа құлағаны анықталды. Құтқарушылар келгенге дейін зардап шеккен екі адам өз бетінше лифтіден шыққан. Зардап шегушілерді медициналық қызмет мамандары тексерді, жағдайлары қанағаттанарлық», - деп мәлімдеді департаменттен.