Елордада құтқарушыларға арналған фотокөрме ашылды

Елордада құтқарушыларға арналған фотокөрме ашылды
Сурет: Gov.kz

 Астана қаласындағы «Атырау» көпірінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қатардағы қызметкерлеріне: құтқарушылар, сүңгуірлер, кинологтар, өрт сөндірушілер, ұшқыштар, психологтар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер арналған әмбебап фотокөрме өтуде. 

Фотокөрме қыркүйектің 29-да ашылған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтына сілтеме жасап. 

Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, BI Group директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы Асхат Омаров, көрме батырлары, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, тұрғындар қатысты.

Сырым Шәріпханов өзінің құттықтау сөзінде өткізіліп жатқан фотокөрменің маңыздылығын атап өтіп, имидждік жобаның ұйымдастырушыларына алғысын білдірді: «Бұл жоба ТЖМ қызметкерлері күнделікті орындайтын қиын жұмысын дәріптеу болып табылады. Біздің қызметкерлердің әрқайсы үшін оның батырлығына, ерлігіне және ерен еңбегіне берілген баға маңызды».

Көрме «BI GROUP» Қазақстанның ірі инновациялық холдингінің қолдауымен «RIZAMYZ» әлеуметтік жобасы аясында жыл сайын атап өтілетін кәсіби мереке 19 қазан - Құтқарушылар күні қарсаңында ұйымдастырылуда.

Жалпы көрмеге келушілерге QR коды бар 112 портрет ұсынылатын болады. Олар дүлей зілзалалар, апаттар және басқа төтенше жағдайлар кезінде адамдарға тәулік бойы көмекке келеді. QR кодты сканерлеу арқылы фотодағы құтқарушылар туралы, олардың жасаған ерліктері жайлы мәліметпен танысуға болады. Бұл портреттер - күн сайын өздерінің күрделі, бірақ осындай маңызды қызметін атқаратын азаматтық қорғау органдарының барлық 29 мың қызметкерінің ұжымдық бейнесі.

Көрменің ортасында фотосуреттер арасында QR коды бар қара тақтайша орналастырылған. Осы QR код арқылы rizamyz.com сайтына өтіп, өз өмірін азаматтық қорғау органдарында арнап, өз міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан 11 құтқарушының өмір тарихымен танысуға болады.

Көрме 20 қазанға дейін жалғасатын болады.