Елімізге Египет өзара визасыз режим енгізуді ұсынды

Елімізге Египет өзара визасыз режим енгізуді ұсынды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Виза мерзімі 14 күндік болуы мүмкін.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Манал Эль Шиннавимен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Тараптар туризм саласындағы ынтымақтастық туралы әңгімелескен.

«Эль Шиннави ханым Мысыр қазақстандық туристер арасында ең танымал үшінші бағыт екенін атап өтіп, 14 күндік өзара визасыз режимді енгізуге қызығушылық білдірді. Біз бұл мәселені қарастырамыз», - деп жазды Оралов Telegram-да.

Ал министр елшіге қос мемлекет арасындағы тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бағытында іс-шараларды пысықтауды ұсынды.