Еліміздің фермерлері сүт өндірудегі біліктілігін арттырады

Еліміздің фермерлері сүт өндірудегі біліктілігін арттырады
Сурет: Рrimeminister.kz

Тоқаевтың Германияға сапарында үшжақты ынтымақтастық келісімге қол қойылды.

Сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру Алматы облысындағы "Байсерке Агро" оқу-ғылыми-өндірістік орталығының базасында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"GFA Consulting Group GmbH (Германия), Қазақ агротехникалық университеті және "Бейсерке Агро" холдингі арасында мал шаруашылығы саласында жұмысшыларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды. Келісім аясында сүт өндірушілерге арналған консультациялық-оқыту орталығы ашылады. Жобаның бастамашысы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Фермерлер мен ауыл шаруашылығы қызметкерлерін оқыту үшін агрохолдинг инфрақұрылымды 30 орындық дайын жатақханамен, асханамен, теориялық кабинеттермен, тәжірибе дағдыларын меңгеру үшін сауынның заманауи түрлері бар сүт фермасымен қамтамасыз етеді.

Дәл осындай орталық қазірдің өзінде еліміздің солтүстігінде жұмыс істейді. Онда Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 16 тәжірибелік шаруашылықтың мамандары білім алып жатыр. Тәжірибе жұмысы сиырлардың өнімділігін арттыруға, жем-шөпке талдау жүргізуге, фермадағы жұмыс хаттамасын құруға және орындауға бағытталған.