Аннаның орнына 12 үміткер таласады

Аннаның орнына 12 үміткер таласады
Сурет: Ашық дереккөз

Алматының сайлау комияссиясы 29 қазанда өтетін 4 Округ бойынша мәслихат депутаттығына сайлауға кандидаттардың нақты тізімін қабылдады.

№4 округ бойынша халық қалаулысының креслосында бір орынға 12 адам таласады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тізімде журналистер, заңгерлер, дәрігерлер, оқытушылар мен кәсіпкерлер бар. Сонымен қатар, барлық үміткерлердің бәрі өзін-өзі ұсынғандар, партиялар ешкімді ұсынбаған. Бірақ кандидаттардың арасында «Байтақ» және Amanat партияларының мүшелері бар. Кейбір кандидаттар осы округ бойынша өткен сайлауда да үміткер болды.

Башинскаяның орнына үміткерлер (сайлау комиссиясы жариялаған тізімдегі кезектілік, партияға қатыстылығы хабарланбаған):

✏️ Анохин Юрий Владимирович, 1957 жылы туған, «Денсаулық сараптамалық-консультациялық орталығы» ЖШС дәрігері, өзін-өзі ұсынған;

✏️ Көкетаева Мадина Ұланқызы, 1978 жылы туған, Алматы Заң палатасы, заңгер-кеңесті, өзін-өзі ұсынған;

✏️ Новосельцева Наталья Владимировна, 1968 жылы туған, директор «Көкжиек-Горизонт» баспа үйі» ЖШС, өзін-өзі ұсынған;

✏️ Молдасанов Азамат Шорманқанұлы, 1976 жылы туған, «Қоғамдық пікір» газетінің шеф-редакторы, өзін-өзі ұсынған;

✏️ Сабырайым Жеңісбек Бағыбайұлы, 1959 жылы туған,  «Төле би» ҚҚ директоры, өзін-өзі ұсынған;

✏️ Лактюшин Дмитрий Николаевич, 1992 жылы туған,  «The Ultumate Visionary Group» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсынған;

✏️ Қамбарова Гулшахира Әжімұқанқызы, 1969 жылы туған, «Городская поликлиника №5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК бас дәрігері, өзін-өзі ұсынған;

✏️ Бакарасова Елена Евгеньевна, 1965 жылы туған, «Концерн Bakarassov» ЖШС бас директоры, өзін-өзі ұсынған;

✏️ Ефремова Светлана Александровна, 1977 жылы туған, «Алматы сән және дизайн колледжі» МКҚК оқытушысы, өзін-өзі ұсынған;

✏️ Төреқұлов Талғар Талғатұлы, 1993 жылы туған, «№136 мектеп-гимназиясы» КММ директоры , өзін-өзі ұсынған;

✏️ Зенченко Максим Геннадьевич, 1983 жылы туған, «УК «Бастау» ЖШС басшысы, өзін-өзі ұсынған;

✏️ Мұрат Санжар, 1993 жылы туған, «MKC Invest Group» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсынған.