Еліміздің Елтаңбасы қоқыстан табылды

Еліміздің Елтаңбасы қоқыстан табылды
Сурет: Sputnik.kz

Кінәлі адам іздестірілуде.

Оған 2 000 АЕК (6 126 000 теңге немесе 13 027 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Павлодар сыртында құрылыс қоқысы арасынан Қазақстанның екі Елтаңбасы табылды. Әлі де іздеуде жүрген кінәлі адам ірі көлемдегі айыппұл төлеуі немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодарлық экологтар хабарлағандай, қоқыс электролиз зауытының санитарлық-қорғау аймағында болған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барды.

«Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. ҚР ҚК 372-бабы Мемлекеттік рәміздерді қорлау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Кінәлі адамға 2 000 АЕК (6 126 000 теңге немесе 13 027 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы да қолданылуы ықтимал. Бұл бап бойынша екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру да қарастырылған.