Қор нарығында доллар арзандады

Қор нарығында доллар арзандады
Сурет: Akchabar.kg

Бір доллар бағамы 3 теңгеге арзандады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 30 маусым кешімен салыстырғанда 3,80 теңгеге төмендеп, 1 доллар 466, 44 теңге болды. Ұлттық банктің 1 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 470,34 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы 464 теңге, сатып алу – 468 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 463 теңгеден болса, сатып алу құны – 465,50 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы да аздап төмендеп, 8,88 теңге болды. Бұған дейін Ұлттық банк теңге/рубль бағамына қатысты жағдайды түсіндірген болатын.