Еліміздің екі төрешісі Париж Олимпиадасында қазылық етеді

Еліміздің  екі төрешісі Париж Олимпиадасында қазылық етеді
Сурет: Olympic.kz

Қазақстан төрешілері Тимур Әмірбеков пен Алуа Бектұрова Париж Олимпидасына шақырту алды.

2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарында спорттық гимнастика бойынша Тимур Әмірбеков қазылық қылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұған дейін Т.Әмірбеков 2004, 2012, 2016 жылдары төртжылдықтың басты додаларында төреші болған.

Ал, Халықаралық көркем гимнастика федерациясының Париж Олимпиадасында төрелік етушілерді жариялаған қазылар тізімінде Алуа Бектұрова бар.

Айта кетсек, А.Бектұрова бұған дейін Испанияда өткен әлем біріншілігінде төрелік еткен. Халықаралық федерация жұмысын жоғары бағалап, техникалық комитет арнайы алғыс хатпен марапаттаған.