Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтілуде

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтілуде
Сурет: ашық дереккөз

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Барлық өңірде –екпінді жел, түнде және таңертең – тұман, солтүстікте бұршақ болжанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қызылорда, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан және Қарағанды облыстарында өрт тұтану қаупі жоғары.