Еліміздің 915 кәсіпорны жалақы бойынша жұмыскерлерге 6,2 млрд. теңге қарыз

Еліміздің  915 кәсіпорны жалақы бойынша жұмыскерлерге 6,2 млрд. теңге қарыз
Сурет: Gov.kz

Биылдыққа 21 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. 

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 915 кәсіпорны 24 мың жұмыскерге 6,2 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 218 нұсқама беріліп, 169,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 21 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,3 млрд теңге төленді.