Еліміздің 4 өңірі әлі де онлайн оқып жатыр

Еліміздің 4 өңірі әлі де онлайн оқып жатыр
Сурет: Zhaikuni.kz

Кей аймақтарда әлі де аяз сынбай тұр. 

Астанада бірінші ауысымда оқитын 9- сыныпқа дейінгі балалар қашықтан оқуын жалғастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ақтөбе облысының мектептерінде де бірінші ауысымдағы оқушылар онлайнға көшті. Қостанайда 30 градус аяз. Мұнда да түске дейін оқитын оқушылар қашықтан білім алып жатыр. Семейде де бірінші ауысымдағы 11-сыныпқа дейінгі балалар мен колледж студенттерінде онлайн оқу. Өңірлік білім басқармасының ақпаратынша, аудан мектептері де онлайн форматқа көшкен.