Елімізде жылқы еті қымбаттап жатыр

Елімізде жылқы еті қымбаттап жатыр
newtimes.kz
Биыл қаңтар-маусым айларында республика бойынша 125 мың тонна жылқы сойылыпты. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 6,2% артық. Сойылғанда 64,6 мың тонна жылқы еті алынып, жылына 6,1%-ға артты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Zakon.kz сілтеме жасап.

Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, елімізде 4,1 миллион жылқы болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 10,6% артық. Облыстар арасында жылқы саны бойынша Түркістан, Қарағанды, Абай облыстары көш бастап тұр.

Жылқы шығыны биыл 5,2% өсіп, 2,7 мың басқа жетті. Көбіне өлім жағдайлары Ақмола, Қостанай және Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Шілде айында еліміздің базарлары мен дүкендерінде жылқы етінің келісі 2,9 мың теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 16,5% қымбат. Бағаның ең көп өсуін Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары сезінді: жылына 28,8%. Сонымен қатар баға Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласында да өскен. Ең аз жылдық өсім Қызылорда облысында тіркелді: 4,5%.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде бір келі жылқы етін ең жоғары бағада Нұр-Сұлтанда (3,3 мың теңге), ең төмен бағада Қызылордада (2,3 мың теңге) алуға болды.