"Жетісу-3" шағынауданында тоғыз қабатты тұрғын үйлер салынбайды

"Жетісу-3" шағынауданында тоғыз қабатты тұрғын үйлер салынбайды
Сурет: Facebook.com

Шаһар басшысы қала әкімшілігі тарапынан рұқсат берілмеген тұрғын үйлерге ақша бермеуге шақырды. 

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аудан тұрғындары әкімге сұрақтарын жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamty.kz.

Сұрақ:
- "Жетісу-3" шағынауданында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің жағдайы қандай? Бұл үйлер салынбайды деген сыбыс шықты. Егер тұрғын үй салынбаса, оның себебі  неде? 

«Бүгінгі бекітілген Ереже бойынша бұл жерде тек 5 қабатты тұрғын үй салуға болады. Жекеменшік кәсіпкер оған келіспей отыр. Ал 9 қабатты үй салуға әкімдік рұқсат бермейді. Себебі мұндай биіктіктегі үй өзге тұрғын үйлерге кедергі  келтіреді. Кәсіпкер 5 қабатты тұрғын үй салуға келіссе, құрылыс жалғасады. Жалпы, осы жерге байланысты тамыздың соңына дейін шешім қабылдаймыз. Сондай-ақ, қала тұрғындарына ескерткім келеді. Естеріңізде болсын, қала әкімшілігі рұқсат бермеген тұрғын үйлерге алдын ала ақша бермеңіздер»,- деді қала әкімі Ерболат Досаев.