Елімізде жыл құсы таңдалды

Елімізде жыл құсы таңдалды
Сурет: Remiz.org

2022 жылы жыл құсы бұлбұл болған еді.

Қазақстанда жыл құсы ретінде көкқұс таңдалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Көкқұс ҚР Қызыл кітабына енгізілген. Оның таулы өзендердің арқыраған дыбысын басатын өзіне тән сыбызғы ысқырық үнін шатастыру мүмкін емес.

Көкқұс (Myophonus caeruleus) — Қазақстанның оңтүстік өңірі таулы өзен бойларын мекен ететін түр. Қыста оңтүстікке қарай беттейді, алайда біршама бөлігі төмен таулы белдеулерде қыстайды. Соңғы жылдары бёрдвочерлер (құстарды бақылаушылар) бірлі-жарымы Алматыда қыстайтынын байқаған. Су үстіндегі құздың кертеш жерлерінде, көпірдің тіректерінде, т.б. ұялайды, 4-6 жұмыртқадан салады. Су және жерүсті омыртқасыздармен, кесіртке, кеміргіштер, кейде ұсақ құс және балықтармен қоректенеді, күзде және қыста жидектерді азық етеді.

Түрге қауіп – сауда мақсатымен заңсыз аулау, соңғы уақытта таулардағы жаппай демалуға қатысты дамылсыздық көрініс алады. Орнитологтар саяхатшыларға тау бөктері жолынан мүмкіндігінше ауытқымауына кеңес береді, әсіресе, көптеген құстардың ұя салу мерзімі – көктемде және жаздың басында.

Жыл құсын Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы мүшелері онлайн дауыс беру арқылы таңдап алды. Құстардың екі түрі — жорғаторғай және көкқұстан дауыс берушілердің 64%-ы көкқұсты таңдады.

Құс түрін Қазақстанның құстарды қорғау одағы және Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы орнитологтары ұсынды.

Дауыс беру алты күнге созылып, 15 қаңтар күні аяқталды.