Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Сурет: Ашық дереккөзі

Үш адам 4 миллион теңгеге жуық шығынға ұшырады

ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «HERMES LTD» қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру фактісін анықтады. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2019-2022 жылдар аралығында «HERMES LTD» жобалары аясындағы инвестициялық депозиттер бойынша қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту негізінде халық қаражатын тарту арқылы қаржылық пирамида ұйымдастырылды. Осылайша, олар қаржы пирамидасына активтерді тартуды қамтамасыз етті.

«Қылмыстық іс бойынша үш жәбірленуші танылды, олар жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық шығынға ұшырады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Егер сіз немесе сіздің достарыңыз бен туыстарыңыз қаржы пирамидасына тартылған болса, Қаржылық мониторингі агенттігінің сенім телефонына немесе аумақтық қаржылық мониторинг органдарына хабарласыңыз», - делінген ведомство хабарламасында.