Елімізде күзден бастап электр энергиясы қымбаттайды

Елімізде күзден бастап электр энергиясы қымбаттайды
Сурет: Ernur.kz

Тарифті көтеру мәселесі жұмысшылардың жалақысы мен қордаланған проблемалары шешу қажеттілігінен туындап отыр. Қазіргі баға сапалы энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Жаңа баға инфляция деңгейінен жоғары болмауы тиіс. Яғни, 8 пайыздан аспайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Ауыл-аймақтағы станциялардың көбі өткен ғасырдың 60-70-жылдары салынған. Сондай-ақ электр энергиясын өндіруге әсер ететін шығындар көбейіп келеді. Ал алдағы уақытта электр энергиясының тапшылығы да туындауы мүмкін.

«1 шілдеден бастап 26 энергия өндіруші ұйымда шекті тарифтер орта есеппен 4-12%-ға ұлғайды. Ал алдағы жылдың жылыту маусымында 1-1,5 млрд киловатқа дейінгі электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін. Егер мұндай мәселе туындаса, электр энергиясын көрші елдерден алуға мәжбүр боламыз», - деді ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.