Елімізде коронавирустан бір адам қайтыс болды

Елімізде коронавирустан бір адам қайтыс болды
Сурет: Dreamstime.com

Жеті адамның жағдайы ауыр.

Өткен тәулікте республика бойынша 263 адам коронавирус жұқтырды, 18 адам ковидтік пневмонияға шалдықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ДСМ-не сілтеме жасап.

Өкінішке қарай, 1 адам коронавирустан қайтыс болды. Бір күн бұрын 231 адамның коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен.

29 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2729 адам коронавирустан емделіп, олардың ішінде 256 пациент стационарда, 2473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.