Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артты

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артты
Сурет: Ашық дереккөз

4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.

Өткен бір тәулікте 175 адамнан коронавирус, 10 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

7 желтоқсандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирустан 1 255 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан 192 (КВИ-) - барлығы 1 447 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 203 пациент стационарда, 1 244 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.

Айта кетейік, 5 желтоқсанда тәулік ішінде коронавирус 140 адамнан, 4 желтоқсанда 114 адамнан анықталған болатын.