Елімізде кей кәсіпорындар жабылуы мүмкін

Елімізде кей кәсіпорындар жабылуы мүмкін
Сурет: интернеттен

Банктер отандық компанияларға несие бермейді.

Ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігі өте төмен, газ бағасы қымбаттағанның кесірінен бірқатар кәсіпорын жабылып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"AMANAT" партиясы бизнес-қауымдастықтардың жетекшілерімен кеңес өткізіп осындай өзекті мәселелерді талқылады. Кәсіпкерлер жұмыс барысында кедергі келтіретін бұдан өзге түйткілдерді көтерді. Мәселен қосылған құн салығының көтерілуі жаппай қымбатшылыққа алып келуі мүмкін.

Бұл бизнес өкілдерімен қатар халыққа да ауыр тиеді. Партиялықтар проблемаларды зерттеп, ең өзектілерін Үкімет деңгейінде көтеретіндерін айтты.

"Үйлестіру жұмыстарының мүлде жоқ екенін көріп отырмын. Атамекен бір сұрақты көтереді. Ол мәселе министрлікте де, бізде де қозғалады. Сондықтан бірлесе жұмыс істеу керек деп есептеймін. Бүгін айтылған мәселелерді көпшіліктің сұрауы деп қабылдауымыз керек. Сондықтан проблемаларды біздің партияның алаңында шешуді ұсынамын.", деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, "Amanat" фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев.