Елімізде қай мамандық иелері ең жоғары жалақы алады?

Елімізде қай мамандық иелері ең жоғары жалақы алады?
Сурет: Pavlodarnews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электронды еңбек биржасы бойынша жарты жылда түскен мәліметтерді қорытындылады.

Ең жоғары жалақыны келесі мамандық иелері алады: өндірісті дайындау бойынша инженердің көмекшілері – 5 млн теңге, дыбыс режиссерлері – 2,1 млн теңге, инвестициялық жобалар жөніндегі директорлар – 1,9 млн теңге және гуманитарлық ғылымдар саласындағы университет профессорлары – 1,8 млн теңге, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.  

«Электрондық еңбек биржасында ұсынылған ең жоғары ақы төленетін бос жұмыс орындары риэлторлар (орташа есеппен 900 мың теңге), бас құрылысшылар (824 мың теңге) және объективті бақылау жөніндегі инженерлер (800 мың теңге) болып табылады», – деп атап өтті Еңбек министрлігінде.

Жыл басымен салыстырғанда, бос лауазымдар саны 1,8 есеге артты, ал жұмыс ізденушілер арасында белсенділіктің төмендеуі байқалуда, түйіндемелер саны жыл басынан бері 70,2 мыңнан 59,9 мыңға дейін қысқарды.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, бос жұмыс орындарының көпшілігі ауыл шаруашылығы (10,8 мың бос орын), тұрғын емес және тұрғын үй объектілерінің құрылысы (9,8 мың бос орын), білім беру (6,6 мың бос орын) және басқа қызметтерде (5 8 мың бос орын) байқалуда. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласында жарияланған бос жұмыс орындарының жартысына жуығы (47%) Жамбыл облысына тиесілі.

Ал біліктілігі төмен қызметкерлерге сұраныс 23,4 мыңнан 50,7 мыңға дейін, яғни 2 еседен астам өсті. Оның бір себебі ауыл шаруашылығындағы маусымдық жұмыстарға әдеттегіден көп жұмысшылар керек.