Елімізде қанша көлік тіркелген? – статистика

Елімізде қанша көлік тіркелген? – статистика
Сурет: Ашық дереккөзі

2022 жылғы қаңтар-қараша айлары аралығында ел аумағында 13 407 жол-көлік оқиғасы болды

2022 жылдың қараша айында Қазақстанда 109 мың автокөлік тіркелді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 29,3%-ға көп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Есепке қойылған көліктер арасында жеңіл автомобильдер саны 26,6%-ға, жүк машиналары 85,9%-ға, автобустар 6%-ға артқан.

Статистикаға сәйкес, өткен жылдың 1 желтоқсанына дейін Қазақстанда жалпы 4 млн 403,6 мың автокөлік тіркелген. Оның ішінде 87,8% - жеңіл автомобильдер, 10,1% - жүк машиналары және 2,1% - автобустар.

2022 жылғы қаңтар-қараша айлары аралығында ел аумағында 13 407 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 19 511 адам зардап шекті. Апаттар саны бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 9,2%-ға артқан (12 272 жол-көлік оқиғасы, зардап шеккен – 17 896 адам). Сақтандыру ұйымдары азаматтардың 84 631 өтініші бойынша 44,9 млрд теңге сомасына төлем жасаған.