Елімізде екі кәсіби мереке күнтізбеге қосылды

Елімізде екі кәсіби мереке күнтізбеге қосылды
Сурет: Elorda.info

Қазақстанда мерекелік күндердің қатарына тағы екі мейрам қосылды.

Бұл туралы Премьер-Министрдің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 9 наурыздағы қаулысы бойынша "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер енгізілді.

«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Мұғалімдер күні – 5 қазан, Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі», - делінген хабарламада.