Елімізде балаларды емдейтін онколог-гематологтар жетіспейді

Елімізде балаларды емдейтін онколог-гематологтар жетіспейді
Сурет: Inform.kz

Қазақстанда жыл сайын 600-дей бала қатерлі ісікке шалдығады.

Олардың 40 пайызына «ақ қан» диагнозы қойылады. Бұл көрсеткіш Қазақстанда соңғы жеті жылда сақталып отыр. Бұл туралы Алматыда өткен халықаралық конференцияда айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 Іс-шара Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының 90 жылдығына орай ұйымдастырылды. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде ауыр дертке шалдыққандарды емдеу тиімділігі 70 пайызға дейін жеткен. Мамандардың айтуынша, елімізде балаларды емдейтін онколог-гематолог тапшы. Жиында осы мәселені шешу жолдары да талқыланды.

«Ауыр науқастардың жағдайын жақсартуға арналған бағытта, солардың емдеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатта осы жерде басымыз қосылып отыр. Педиатрия факультетіндегі балалардың алғашқылары биыл алтыншы курста оқып жүр. Сол балалар алтыншы курсты бітіргеннен кейін толығымен педиатрия мамандығына барады», - дейді Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының басқарма төрағасы Абай Құсайынов.