Елімізде бала күтіміне ай сайын төленетін орташа жәрдемақы - 48 мың теңге

Елімізде бала күтіміне ай сайын төленетін орташа жәрдемақы - 48 мың теңге
Сурет: Ашық дереккөз

Бала күтімі бойынша төлемдерді 760 мың ана алады 

Қазақстандықтарға бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем түрінде 60 млрд-тан астам теңге төленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2023 жылдың бірінші тоқсанында 436 мыңнан астам қазақстандық республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алды.

Бұл мақсатқа 60,6 млрд теңге бағытталды.

1 сәуірдегі жағдай бойынша, 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайын республикалық бюджеттен жәрдемақы алатын, жұмыс істемейтін әйелдер саны орта есеппен 92 879 мың болды, оларға 7,9 млрд теңге төленді.

Осы жәрдемақының мөлшері баланың кезектілігіне байланысты, бүгінгі күні жәрдемақы 5,76 АЕК-тен (2023 жылы – 19 872 теңге) 8,90 АЕК-ке дейін (2023 жылы – 30 705 теңге).

1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері - 48 511 мың теңге.

Бүгінгі таңда бұл төлемді жалпы сомасы 52,7 млрд теңгеге 343 241 мың адам алды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайды.

Бұл норма балалы отбасыларға әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген.

Жыл соңына дейін бала күтімі бойынша төлемдерді 760 мың ана алады деп жоспарланған. Бұл мақсатқа 334,5 млрд теңге қарастырылған.