Елімізде «Ассамблея ТВ» телеарнасы ашылды

Елімізде «Ассамблея ТВ» телеарнасы ашылды
Сурет: Еgemen.kz

Жаңа телеарнаның таныстырылымы Астанада өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Ассамблея ТВ» телеарнасын іске қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жаңа телеарнаның негізгі мақсаты – Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін қалыптастыру және кеңінен насихаттау.

«Ассамблея ТВ» телеарнасының бас продюсері Саида Үкібаеваның айтуынша, жаңа арна былтыр қазан айында ресми түрде өз жұмысын бастаған болатын.

«Осы уақытқа дейін бірталай танымдық-мәдени ағартушылық бағдарламаларды контенттерді қазақстандық көрермендердің назарына ұсынып келеді. Қазіргі мәселе біздің осы бағдарламаларды қазақ тілінде жүргізу бірінші орында тұр. Соған байланысты жұмыс жүргізіліп жатыр», - дейді Үкібаева.