Елімізде 59 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде 59 адамнан коронавирус анықталды
сурет:75.ru

620 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Өткен тәулікте 59 адам коронавирус жұқтырып, тағы 3 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

28 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 731 адам коронавирус инфекциясынан (–1 586+ және 145 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 111 пациент стационарда, 1 620 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 6 адамның жағдайы ауыр,
  • 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.