Елімізде 42 мектеп жылыту маусымына дайын емес

Елімізде 42 мектеп жылыту маусымына дайын емес
Сурет: Самат Құсайынов

Бұл жайында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты.

Әкімдіктер ұсынған ақпарат бойынша әзірлік деңгейі – 99,6%. Бірақ 42 нысанда жұмыс әлі жүріп жатыр. Оның 24-інде күрделі жөндеу жүріп жатыр, - дейді министр. Ал денсаулық сақтау саласында 62 нысанның әзірлігі кестеден кешіккен. Олардың дені Абай, Ақтөбе, Атырау орналасқан.