Елімізде 300 мыңнан астам психикалық ауытқуы бар пациент есепте тұр

Елімізде 300 мыңнан астам психикалық ауытқуы бар пациент есепте тұр
Сурет: Сaravan.kz

Бүгін Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні атап өтіледі.

Ресми статистикалық деректер бойынша, Қазақстанда 300 323 пациент бақылауға алынған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2021 жылы психикалық ауытқуы бар 9 918 пациент және тәуелділігі бар 13 361 пациент есепке алынды.

Қазақстанда психикалық денсаулық саласында мамандандырылған көмекті 2 республикалық, 17 өңірлік психикалық денсаулық орталығы (облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда бір-бірден), 83 бастапқы психикалық денсаулық орталығы (қалалық емханалар жанында), 192 кабинет (аудандық емханалар жанында) көрсетеді.

Биыл республикада MhGAP бағдарламасы енгізіліп жатыр (психиатриялық емес бейіндегі мамандардың сауаттылығын арттыру), сондай-ақ эмоционалдық жеңіп шығу бағдарламасы енгізілу үстінлде. Психикалық денсаулық сақтау қызметінің виртуалды Call-орталығын құру және ДДҰ-ның дестигматизация бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр.