Еліміз бойынша он мыңнан астам учаскеде дауыс беру жүріп жатыр

Еліміз бойынша он мыңнан астам учаскеде дауыс беру жүріп жатыр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

16 шет мемлекеттегі өкілдік жанынан 17 учаске ашылды.

Таңғы сағат сегіздегі мәлімет бойынша, республикада 1033 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашада елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша барлық өңірде 1033 учаскеде дауыс беру басталды», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Сондай-ақ Қазақстанның 16 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан 17 учаске ашылды. Осылайша президент сайлауында барлығы 1050 учаске жұмыс істеп тұр.

Жалпы, республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар. 53 шет мемлекетте 68 сайлау учаскесі жұмыс істейді.