Жанна Асанова: Қаламыздың сайлау учаскелерінде таңертеңнен белсенділік байқалады

Жанна Асанова: Қаламыздың сайлау учаскелерінде таңертеңнен белсенділік байқалады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Барлығы 600 сайлау учаскесі ашылды.

Дауыс беру басталғаннан бір сағат өткен соң Қазақстан Республикасы Президенті сайлауынан хабар тарату жөніндегі баспасөз орталығында Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова сайлаудағы белсенділік туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Барлығы 600 сайлау учаскесі ашылды, оның алтауы таңғы сағат 6.00-де есігін айқара ашты (әскери мекемелерде), қалғандары таңғы сағат 7.00-де жұмысын бастады. 55 сайлау учаскесінде тіркелмеген адамдар дауыс бере алады, тағы бір ерекшелігі 68 сайлау учаскесі сайлаушылар дауыс берген бойда кез келген уақытта жұмысын тоқтата алады. Алматыда барлығы 1 миллион 176 мың сайлаушы бар.

Барлығы 8 аудандық және бір қалалық комиссия бар. Жанна Асанованың айтуынша, таңертеңнен сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің белсенділігі байқалады.

«Тренинг барысында теориялық бөлімнен басқа, өткен науқандардың тәжірибесінен қалыптасқан кейстер пысықталды. Заңға сәйкес, егер сайлаушы бюллетеньді өз бетімен толтыра алмаса, ол сенім білдірген адамның көмегін пайдалануға құқылы, бірақ ол адам сайлау комиссиясының мүшесі, БАҚ өкілі немесе кандидаттың сенімді өкілі болмауы тиіс», - деді Ж.Асанова.

Алматыда 43 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген, олар үшін инватакси жұмыс істейтін болады, олардың жұмысын жергілікті атқарушы органдар реттейді.