Еліміз әскери шеру өткізбейді

Еліміз әскери шеру өткізбейді
Сурет: интернеттен

Былтыр да әскери шеру өтпеген болатын.

2024 жылы Қазақстанда 7 және 9 мамырда әскери шерулер өткізілмейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған ведомство бұл шешімнің себебін түсіндірді.

"Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты 2024 жылы Қазақстанда әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ", деген ақпарат таратты бүгін Қорғаныс министрлігі.

ҚМ баспасөз қызметінің айтуынша, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының талап етілетін деңгейін ұстап тұру шеру өткізуге қарағанда басым маңыздыққа ие.