Елена Рыбакина жарақатына байланысты Дубайдағы турнирде ойнаудан бас тартты

Елена Рыбакина жарақатына байланысты Дубайдағы турнирде ойнаудан бас тартты
Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалдық ойынына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған. 

«Қатарынан 3 турнирде өнер көрсету оңай емес. Организм шаршағандықтан жарақат алып қалды. Барлығы ойдағыдай болса 6 наурызда болатын Индиан-Уэллс және 19 наурыздағы Miami Masters турниріне қатысады», – деді теннис федерациясының баспасөз хатшысы Асқар Ағатаев.