Елена Рыбакина Штутгарт турнирін жеңіспен бастады

Елена Рыбакина Штутгарт турнирін жеңіспен бастады
Сурет: Ашық дереккөз

Жарыс 23 сәуірде мәреге жетеді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында WTA 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 65-орында тұрған германиялық Юле Нимайермен өткізді.

Қарсыластардың бұған дейін өзара жолдары тоқайласпаған еді.

Елена Рыбакина бір жарым сағатқа созылған матчта 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы 9 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Е. Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен таласады.

Жүлде қоры 780 637 АҚШ долларына бағаланған жарыс 23 сәуірде мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Штутгарт турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған едік.