Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты
Cурет: Inform.kz

Бірінші партия соңына таман Е.Рыбакина брейк жасап, таразы басын өзіне аудара білді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Франция ашық чемпионатының 16-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 135-орында тұрған 20 жастағы америкалық Кэти Волынецпен шеберлік байқасты.

Бұл олардың өзара бірінші кездесуі еді.
Бірінші партия соңына таман Е.Рыбакина брейк жасап, таразы басын өзіне аудара білді – 6:4.
Екінші сетте қарқынын тіпті үдетіп, қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 2 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Өткен жылы Ролан Гаррос жарысының ширек финалына дейін жеткен Е.Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, америкалық Мэдисон Киз немесе рейтингте 79-сатыдағы франциялық Каролин Гарсияның біреуімен кездеседі.