Елена Рыбакина не себептен Алматыға келмегенін түсіндірді

Елена Рыбакина не себептен Алматыға келмегенін түсіндірді
Сурет: Ktf.kz

Ол денсаулығына байланысты Алматыдағы кездесуін кейінге қалдырды.

Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина Алматыдағы кездесуін кейінге қалдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Елена Рыбакина шілденің 13 күні Алматыға келуді жоспарлап еді. 

«Қымбатты алматылықтар! Уимблдондағы жеңістен кейінгі қуанышты бөлісу үшін бүгін сіздерге жетемін бе деп ойлап едім. Өкінішке қарай, соңғы күндердегі шаршағандық пен жүйкеге түскен салмақ жоспарымды өзгертіп жіберді. Толық қалпыма келу үшін үзіліс алуға тура келді. Сіздің тамаша қалаңызға келесі жолы міндетті түрде барамын. Түсіністік танытып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын», - деді Елена Рыбакина. 

Шілденің 12 күні Елена елордада болып, бірнеше кездесу өткізген еді.