Коронавирустың жаңа штамы әлемді жаулауда

Коронавирустың жаңа штамы әлемді жаулауда
Сурет: Zdrav.expert

Омикронның жаңа кіші түрі – BA.2.75-тің бірнеше жағдайлары Канадада анықталды.

Мамандардың айтуынша, вирустың бұл нұсқасы адамның иммунитетін тез жеңеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Адамдар инфекцияның бұл түрінің тез таралуына байланысты оны «ниндзя» деп атады.

Мәселен, бір тасымалдаушы 12 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Бұл алдыңғы штамдардан кемінде екі есе көп. «Ниндзя» қазірдің өзінде Австралия, Ұлыбритания, Германия, Жаңа Зеландия және АҚШ-қа кірді.