Электрондық оқулықтардың қазақстандық платформасы бүкіләлемдік байқауда үздік атанды

Мектепке ауыр сөмке тасымаудың жолы табылды.
Оны TopIQ стартап жобасы қолға алған, яғни олардың платформасы арқылы кітапта бар бүкіл ақпаратты онлайн көруге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Идея авторлары Лондонда өткен Білім беру технологияларының халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысып, тұсаукесерін өткізді. Bett Show – 35 мыңнан астам оқытушы мен білім саласының мамандарын біріктіретін дүниежүзілік көрме. Жиналғандар жаңа технология және инновациялармен танысып, өзекті мәселелердің шешімін іздейді.