Электронды үкімет порталы арқылы үйден шықпай-ақ бірнеше қызметті алуға болады

Электронды үкімет порталы арқылы үйден шықпай-ақ бірнеше қызметті алуға болады
almaty-akshamy.kz

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» МК коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы «Ашық есік күнін» өткізді. Шара ХҚК бойынша Медеу аудандық бөлімінде  ұйымдастырды.

Жұмыс барысында 50-ден астам азамат әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастрын тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері бойынша қызықты сұрақтарымен жүгінді. Қалыптасқан сындарлы диалогта бірқатар азаматтардың қажеттіліктері шешілді. Электронды үкімет порталы арқылы, үйден шықпай-ақ бірнеше қызметті алуға болатынын қарапайым халыққа түсіндіріп өтті.

Іс-шара қызмет алушыларға да, қызметкерлерге де пайдалы болды десек, артық айтпағанымыз болар. Шара барлық санитарлық нормаларды, сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткізілді.

Келесі «Ашық есік күні» іс-шарасын 3 ақпанда Алмалы ауданының бөлімінде өткізу жоспарлануда.