Қазақстанда геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру қағидаттары нақтыланды

Қазақстанда геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру қағидаттары нақтыланды Сурет: Vuzopedia.ru

Арнайы заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.


Мәжілістің жалпы отырысында «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Заң жобасының міндеті – Қазақстан Республикасын дәлдігі жоғары геодезиялық координаттар жүйесімен қамтамасыз ету және оның аясында елдің бірыңғай цифрлық картографиялық негізін жасау. Құжатта геодезия және картография саласын жетілдіруге бағытталған нормалар ескерілген», - деді Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан.



Осы орайда көрсетілетін қызметтердің жеделдігі мен сапасын арттыруға арналған нормалар қамтылып отыр.


Заң жобасын талқылау кезінде депутаттар бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Атап айтқанда, ұғымдық аппаратты жаңа анықтамалармен толықтыруға, уәкілетті органның құзыретін нақтылауға, геодезиялық пункттердің сақталуын қамтамасыз етуге, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері мен Ұлттық кеңістіктік деректер қоры арасындағы жауапкершіліктің аражігін ажыратуға бағытталған түзетулер енгізілді. Геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру қағидаттары, мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі нақтыланды. Заң жобасының жекелеген нормаларын қолданысқа енгізу мерзімдері белгіленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10