Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кету туралы өтініші қабылданды

Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кету туралы өтініші қабылданды
Сурет: Gov.kz

Қорғаныс министрінің қызметтен кету туралы өтініші қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желіде жазды. Еске салсақ, бұған дейін ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға өтініш беруге дайын екендігі туралы айтқан болатын.

«Қазіргі уақытта басты мақсатым - апаттың салдарын тез арада жою. Ал сіздерді отставка мәселесі қызықтыратын болса, онда мен осы хабарды естігеннен кейін бірінші минутта өзім үшін шешім қабылдадым. Мен отставкаға өтініш беремін, отставкаға жіберуін сұраймын. Ал қалғанын жоғарғы басшылық шешеді», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Естіріңізге сала кетейік, 26 тамызда сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жойқын жарылыс болды. Соңғы мәлімет бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыстан 14 қаза тапқан.