Электр желілері модернизацияланады

Электр желілері модернизацияланады
Сурет: ашық дереккөз

"Наурызбай ауданында электр желілері модернизацияланады",- деп айтты қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуінде.

Бүгінгі таңда жарықсыз жқмыс істеу мүмкін емес. Электр желілерін модернизациялау және тұрақты электрмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша 2022 жылы 79 трансформаторлық подстанцияға жөндеу жүргізіліп, 3,8 км электр желісі реконструкцияланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Биыл "Ақжар" (22 км), "Қалқаман-2" (34 км), "Қарағайлы" (7 км), "Құрамыс" (12 км) және "Таусамалы" (10 км) шағынаудандарында тағы 35 трансформаторлық подстанция және 84 км электр желілері жөнделеді, - деді қала басшысы Ерболат Досаев.