Елдос қайта оралды

Елдос қайта оралды
Сурет: Baribar.kz

Дзюдодан ұлттық құраманың үздігі Елдос Сметов алдағы аптада Будапеште өтетін Masters турнирінде белдеседі.

Елдос ең жеңіл салмақта, яғни 60 келіде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұдан бөлек, ел намысын қорғайтындар тізімінде Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев, Ғұсман Қырғызбаев, Жансай Смағұлов сияқты спортшылар бар. Ал орта және ауыр салмақтарда Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар, Дидар Хамза, Нұрлыхан Шархан және Ғалымжан Қырықбай күреседі.

Қыздар арасында Ғалия Тынбаева, Аруна Жангельдина, Камила Берліқаш және Ақерке Рамазанова жүлдеге қол созып көрмек. Байрақты бәсеке тамыздың 4-і мен 6-сы аралығында болады. Оған 46 елден 400-ден аса таңдаулы спортшы қатысады. Жарыс жеңімпаздарына рейтингтік ұпайлар таратылады. Бұл көрсеткіш Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынғанда негізгі рөлді атқарады.