Үкімет басшысы майнерлерге қатысты тапсырма берді

Үкімет басшысы майнерлерге қатысты тапсырма берді
Сурет: Inbusiness.kz

Бұл мәселе ерекше бақылауда тұр.

Қазақстанның Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы туындауына жол бермеуді және заңсыз майнерлерге қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметте өткен Су кеңесінің отырысында Қырғызстанмен арадағы электр энергиясымен тауар айырбасы және Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Қазақстан мен қырғыз тараптары электр энергиясының тауар айырбасы және сумен жабдықтау бойынша өзара тиімді талаптар негізінде келісімшарт жасады.

«Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету мәселесі басымдыққа ие. Халықтың әлеуметтік тыныштығы мен аман-саулығы Үкіметтің негізгі міндеті болып табылады. Бұл мәселе ерекше бақылауда тұр», - деді Смайылов.