Қуанышты күн

Қуанышты күн
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қарттар барлық құрметке лайықты. Олар кезінде елдің көркеюіне өз үлесін қосып, атсалысқан. Кейінгі ұрпақ сол кісілер салған сара жолмен жүріп, үлкендерден жинаған тәжірибесімен алға баса бермек.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінің ұжымы  Қарттар күнінде өздерінің егде жастағы, құрметті зейнет демалысындағы әріптестерін ұмытпай, оларға құрмет-ілтипаттарын білдірді.
Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагері Георгий Михайлович Пчелкин мен ардагерлер кеңесінің мүшесі  Урунбу Тохтогулқызы Жаңабекованы ЛА-155/6 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры Гүлшат Нұржанова және кадр саясат тобы, әділет аға лейтенанты Жансерік Шүкіров арнайы құттықтап, аға буынның қылмыстық-атқару жүйесіндегі ұзақ жылдар бойғы ерен еңбектерін атап өтіп, мекеме ұжымы атынан сый-сыяпаттар ұсынды. Жақсы сөздер де, құшақ-құшақ гүлдер де үлкендерді қуантып тастады.