Елдос Сметов әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Елдос Сметов әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Сурет: Olympic.kz

Бүгін Ташкентте дзюдодан әлем чемпионаты басталды.

Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші жекпе-жекте 60 келіге дейінгі салмақта ол Әзірбайжаннан келген әлем чемпионатының қола жүлдегері Карамат Хусейновтан басым болды.

Сол санатта Мағжан Шамшадин итальяндық Анджело Пантанодан жеңіліс тапты.