Алматыда тәртіп сақшылары гашиштің аса ірі партиясын тәркіледі

Алматыда тәртіп сақшылары гашиштің аса ірі партиясын тәркіледі
Сурет: Polisia.kz

Алматыда аса ірі мөлшердегі есірткі тәркіленді. 

ҚР ҚПК-нің 128-бабымен қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде сатуы) сәйкес, 31 жастағы Т. есімді азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ол жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды. Оның көлігінен рұқсат етілген тінту барысында өсімдік заты мен ерекше иісі бар бума табылды және тәркіленді. Кейін сараптама анықтағандай, бұл зат аса ірі мөлшердегі есірткі – гашиш болып шықты», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.