Елдің қай өңірлерінде мамырда құрғақшылық күтіледі?

Елдің қай өңірлерінде мамырда құрғақшылық күтіледі?
Сурет: Sputnik.kz

«Қазгидромет» мамырда құрғақшылық болуы мүмкін өңірлерді атады.

Синоптиктер  мамырда астық егілетін өңірлерде ылғалдану жағдайы нормаға жақын болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қостанай облысының Қарасу ауданында, Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Астрахан аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Глубокое, Зырян, Ұлан, Катонқарағай аудандарында және Өскемен қаласында, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданында оңтайлы ылғалдану жағдайы болжанады», - делінген хабарламада.

Бұл ретте Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында құрғақшылық күтіледі. Мұнда мамырда ауа температурасы жоғарылап, жауын-шашын жаумауы мүмкін.